2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп
26.02.2026
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекен-жайы Полтавка ауылы, Абай көшесі, 1.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де білім беру саласында 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 47 қызмет көрсетті;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы
көрсетілген -0 қызмет;
- электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер (ЭҮП, e.gov.kz., ) -16 қызмет;
Ақпараттық жүйелер (Akmola.kz, Ұстаз) – 14
- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 17 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2024 жылы 30 қызмет көрсетілді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген -0 қызмет;
- электронды қнұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 21 қызмет;
- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 9 қызмет.
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- бала бақшаларға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін ведомствоға тәуелсіз білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (1–10–11 сынып)
- мектепке қабылдау туралы өтінішті қайтарып алу
- мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылар мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету (монетизация)
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
- педагогтарды аттестациялау ережелері мен шарттары
- негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмелерін беру
- ұзақ уақыт бойы денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына қатыса алмайтын балаларға жеке тегін үйде оқу ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ведомствоға тәуелсіз білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау
- білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді жаңарту (түзету)
- жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
- мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарын тағайындау, қызметінен босату ережелері
2. Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға арналған барлық қажетті ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің http://sc0021.atbasar.aqmoedu.kz ресми интернет ресурсында орналастырылған. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Бұл жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сонымен қатар 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ МОА ЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
2026 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтер мен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырады.